• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы инфекциясынан сақтаныңыз!

Автор:admin

Ноя 9, 2023
Spread the love

Түркістан облысы мал шаруашылығы дамыған, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан табиғи ошақ қатарына жатады. Аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы инфекциясы адам ағзасына кененің шағуы арқылы енеді. Сондай-ақ, жануарларды күтіп баққан кезде, жануарлардың және науқас адамдардың қанымен жұғуы мүмкін. Бұл ауруға көбіне малшылар, шопандар және мал күтімімен айналысатын, мал өнімдерімен жанасатын адамдар шалдығады. ​

Конго-Қырым қызбасы инфекциясының көзі мен табиғаттағы резервуары иксод кенелері. Әсіресе гиалома (Hyalomma) тұқымдасының кенелері ерекше кең тараған, бұл кенелердің түрлері барлық жерлерде кездеседі. Ауру маусымдық сипатқа ие, негізінен мамыр-тамыз айларында көптеп тіркеледі. Жыл сайын ерте көктемнен бастап, кенелерге қарсы күрес жұмыстары жүргізіледі. Соған қарамастан адамдар арасында кене шағу жағдайлары орын алуда. Себебі кенелерді түпкілікті жойып жіберу мүмкін емес, әрі тұрғындар сақтық шараларына аса назар аудармайды.
Жыл басынан бері облыста кене шағу жағдайымен 985 адам медициналық ұйымға жүгінген. Бүгінгі таңда 48 науқас КҚГҚ-на күдік тудырып, 9 науқастың диагнозы расталған. (Сауран ауданында – 2 жағдай, Ордабасы, Отырар, Төлеби, Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласында 1 жағдай тіркелген).

​Кене шағудан сақтанудың және кене шаққан жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігіне тоқталып өтсек, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Американың мынадай қауіпсіз әдістемесі ұсынылады. ​Кенені жалаңаш қолмен ұстамау керек, өйткені жұқпалы ауру агенті шырышты қабықтар немесе терідегі зақымданған жерлер арқылы енуі мүмкін.​Кейбір азаматтар денеге жабысқан кенеден өз беттерінше құтылу үшін әр түрлі амал тәсілдер қолданады. Жоғарыда атап өткендей, кене жабысқан жағдайда оны қолмен жұлмау керек, жалаң қолмен жаншып мыжбау керек. Кенені алу үшін ұшы өткір пинцет қолдану ұсынылады. Пинцетті теріге жақындата отырып, онымен кенені іліп алу қажет. Пинцетті қатты қыспай (кенені мыжып тастамау үшін) шайқалтпай, ақырын тарту керек, себебі кененің ауыз бөлігінің бөлініп теріде қалып қоюына әкелуі мүмкін. Кене денеге бірден қадалмайды, сондықтан оны уақытылы алып тастау арқылы ауру жұқтырудың алдын алуға болады. Денеге кененің жабысқан жабыспағанын білу үшін әр адам өзін өзі тексеріп немесе бірін-бірі қарап шыққаны маңызды.
Кенені тартып алғаннан кейін шаққан жерді дезинфекциялайтын затпен спиртпен , йодпен өңдеп, қолды сабынмен жуу керек. Кенені мыжғыламау керек, себебі кененің ішінде және сұйықтығында патогендер болуы мүмкін. Алынған кенені ыдысқа салып, қақпақпен тығыздап жабу қажет. Кенеге керосин май, ацетон т.б сұйықтық құюға, оны теріден бөлу үшін кенені ысытуға болмайды. Сіздің міндетіңіз кенені мүмкіндігінше алып тастап, уақыт жоғалтпай медициналық көмекке жүгіну.
Құрметті обыс тұрғындары! Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет. ​Дененің ашық жерлеріне және киімге кене ағзасына кері әсер ететін немесе оны жоюға арналған арнайы акарорепеленттерді, акарицидтерді және жеке қорғану құралдарын қолдану қажет. ​Мал қораларыңызды дезинфекциялап, үнемі тазалап отырыңыз.

Б. Елемесов,

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика