• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ

Автор:admin

Ноя 12, 2023
Spread the love

Тромбогеморрагиялық синдроммен сипатталатын  зоноозды табиғи ошақты жоғары контагиозды  аса қауіпті жұқпалы ауру.

Аурудың қоздырғышы- РНК түзетін вирус. Вирустың сыртқы ортаға төзімділігі төмен, жоғары температураға сезімтал. Негізгі резервуары және тасмалдаушылары– Hyalomma туыстастығына жататын иксодты кенелер.Кенелердің  негізгі иелері- ауыл шаруашылығындағы ірі және уақ малдар.  Аурушаңдыққа маусымдылық тән (көктем-жаз айлары).

Аурудың жұғу жолдары:

  • кененің шағуы, тістеуі арқылы
  • байланыс арқылы, науқасқа күтім жасағанда қанымен, медициналық манипуляция кезінде, кенені езген кезде, малдарды қырыққанда, терісімен, жүнімен жұмыс жасағанда
  • аспирациялық-зертханаларды малдарды қырқу кезінде.

Аурудың белгілері: жасырын кезеңнің ұзақтығы  14 күнге дейін созылса,  науқас адамның қаны арқылы жұққанда 9 күнге дейін қысқаруы мүмкін.

Аурудың 3 ағымын ажыратады:

Бастапқы, яғни  геморрагия алды кезеңінде  ауру жедел басталып, улану симптомдары пайда болады.

Өршу кезеңінде геморрагиялық синдром 5-7 күнге созылады.

Жазылу кезеңі баяу өтеді, 1 айдан 1-2 жылға созылады.

Клиникалық белгілері: екі толқынды температура байқалып, 39-40 С қа дейін көтерілуімен, улану синдромы,  қатты бас ауруы, құсу, бұлшық еттердің ауырсынуымен байқалады. Сондай-ақ, беті, мойны және көкірегінің жоғарғы бөліктерінде гиперемия байқалып, көзі қанталап, екінші, бесінші күндері қан-тамырлық белгілер пайда болып, ине шаншу орындарында көгерулер пайда болып, мұрнынан, жатырдан т.б жерлерден  қан кетуі мүмкін.

Сақтандыру шаралары:
– Кенені қолмен ұстамаңыз, қолмен кенені езбеу керек, жабысқан кенені пинцетпен жаймен алу;
-Кене шаққанда міндетті түрде емханаға медициналық көмекке жүгіну;
– Мал қорадан келген соң, киімдерді қағып, оны мұқият қарап шығу;
– Малға қарағанда арнайы сақтану киімдерді (қолғап, халат, шалбар) кию;
-Кене шаққан жерін йод ерітіндісімен немесе спирті бар ерітіндімен өңдеу;
– Қой қырқымы кезінде қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім кию.

Есте сақтағаныңыз жөн !!! маусымдылық кезінде үйіңізде бір адамнан ешқандай жарақатсыз, себепсіз дене қызуы 2-3 күннен аса көтерілсе, мұрнынан, аузынан қан кетіп жатса (көбіне малға күтім жасайтын адамдарда), тез арада дәрігерге көрініңіз.

Б. Елемесов,

Түркістан облысы СЭБД басшысының орынбасары.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика