• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ТУРАЛЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТТІГІ ҚАРАЛДЫ (-3-)

Автор:admin

Июн 27, 2024
Spread the love

— Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасау, қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді білмеу, Қазақстан Конституциясының негіздерінен, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деңгейде төл тарихымыздан хабардар болмау секілді қосымша негіздер қарастырылған;
— Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу құқығын беретін инвесторларға арналған көпреттік виза және сұранысқа ие кәсіп иелері үшін виза енгізілген;
— экстремистік немесе террористік ұйымға қатысы бар, қайтадан қылмыс жасаған, ұйымдасқан топтың (қылмыстық ұйымның) «серкесі» саналатын, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған, сондай-ақ Қазақстанда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған және халықаралық шарттар негізінде өз азаматтығы бар елге берілген адамдардың елімізге кіруіне тыйым салынған.
«Сонымен қатар Заңда халықтың көші-қонына қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған басқа да түзетулер көзделген. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», – делінген Ақорда ақпаратында.
Айта кетейік, Қазақстанға көбіне Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай азаматтары келеді. Биыл көші-қон заңын бұзғаны үшін 9800 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мың адам елден шығарылған. Заңды бұзғандардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары.
Жиын соңында аудан басшысы алдағы уақытта комиссия мүшелерімен бірлесе отырып, аталған жұмыс аясында жұмыс қарқынын күшейту керектігін тапсырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика