• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«Киелі мекен» апталығы аясында полицейлер тазалық жұмыстарын жүргізді

Автор:admin

Апр 21, 2024
Spread the love

Отырар ауданының тәртіп сақшылары елдімекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыру мақсатындағы «Таза Қазақстан» акциясына қарқынды үлес қосуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Қолдарына тырма, сыпырғыш, ағаштарды ақтауға арналған құрал-жабдықтар алған полицейлер, бірнеше сағат бойы тазалық шараларын атқарды. Өздеріне бөлініп берілмеген жерлердегі қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинап, ағаштардың айналасын қопсытып, жиектерді ақтады.
Айта кетсек, бұл экологиялық акция 15-мамырға дейін әр аптаның сенбісінде ұйымдастырылмақ.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика