Полиция қызметкерлері адам көп шоғырланатын қалалық Арбатқа келушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған шара “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді.
Бұл тұрғындардың кибер сауаттылығын арттыруға және оларды ғаламтордағы алдау түрлері туралы хабардар етуге бағытталған.
Шара барысында азаматтарға әлеуметтік желілердегі алдаудың құрбаны болмау және онлайн-алаяқтардың негізгі схемалары туралы айтылды.
Сонымен қатар, шымкенттіктерді қызықтырған сұрақтарына мардымды жауаптар беріліп, алаяқтардан қорғану жөніндегі жадынамалар таратылды.
Интернет алаяқтықтың бір түрі – фишинг. Бұл – интернет пайдаланушының жеке мәліметтерін (логин мен пароль) жасырын алу. Қаскүнемдер алдымен танымал брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хаттар таратады.
Соңғы кездері қазақстандықтарға өздерін банк қызметкеріміз деп таныстыратын алаяқтар телефон соғуда. Олар сіздің депозитіңізге қауіп төнгенін хабарлайды, ақшаны жедел шешіп алуды немесе депозитті «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынады. Бұл айлаға берілмей, керісінше банкке жедел түрде қоңырау шалыңыз!
Алаяқтардан бір қадам алда болуға және ақшаңызды үнемдеуге көмектесетін тағы бірнеше кеңестер:
— Жеке деректеріңізбен ешкіммен бөліспеңіз! Телефон алаяқтарының, әсіресе несиелерді немесе шоттарды жабу туралы өтініштерінен сақ болыңыз.
— Ақшаны аудармас бұрын алушының мәліметтерін тексеріңіз.
— Ешқашан SMS-те көрсетілген код пен PIN-кодтарды үшінші тұлғаларға, тіпті туыстарыңызға айтпаңыз.
— Құрылғыларыңызға AnyDesk және RustDesk сияқты бағдарламаларды орнатпаңыз. Күдікті жағдайларға тап болсаңыз, банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Азаматтарға қандай да бір құқық бұзушылықтық куәгері немесе құрбаны болған жағдайда, дереу полицияға (102-нөміріне) хабар беру қажеттілігін туралы ескертеді.