• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕРЕҒАР ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ

Автор:admin

Апр 5, 2023
Spread the love

Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Кереғар діни ағымдардың қоғамға кері әсері» тақырыбында «Авиценна жоғары медициналық колледж» жастарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат және Шымкент қалалық «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрағасы Мейірбеков Нұрболат Нұрғалиұлы қатысты. Олар қоғамдағы жат ағымдар мен олардан сақтану жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі түрлі діни бағыттағы сурет, видеоларды таратпауға кеңес берді.
Ислам діні қазақ халқының ұлттық біртұтастығының белгісі болып табылады. Бүгінгі қоғам жастары өздерінің мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтауды мұрат тұтуы тиіс. Бұл – рухани негізді игерудегі бүгінгі жаһандану заманында мәдениеттің құлдырауынан сақтайтын, сан түрлі сипаттағы деструктивті ағымдарға қарсы тұруды қалыптастыратын қорған.
Адамзат баласына ортақ құндылықтардың бір — дін. Дiн тұлғaның дүниeтaнымын қaлыптacтыpaтын қacиeт. Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын бойына сіңірген дін ол Ислам.
Теріс діни ағым өкілдері қазақ халқымен жасасып келе жатқан мерекелерге, зайырлы іс-шаралар мен өзге діндердің мерекелеріне төзімсіздік танытады. Тіпті, тамыры тереңнен бастау алған Наурыз мейрамын да тойлауды дұрыс көрмейді. Сонымен қатар, жат ағым өкілдері Ислам дінін ұстанатын елдерде кеңінен аталып өтетін Мұхаммед пайғамбардың туған күні — Мәуліт мейрамын атап өтуге де қарсы екені белгілі. Қатаңдыққа бейім теріс ағым өкілдері «қанша ғасырдан бергі барлық мұсылмандар қателесіп келді» дейді және өздерінің діни көзқарастарымен келіспейтін ғалымдарды адасқандар санатына жатқызады. Құран мен хадистерді ғалымдардың түсінігімен емес, тіке және тар мағынасында қабылдайды. Олар өз түсініктерінде діннен басқаның бәрін теріске шығарады. Бұл ағымдар идеологиясы қазақ қоғамынының мәдениетіне қарама-қайшы. Жастардың теріс пиғылдағы жат діни ағымдардың жетегінде кетуі — бүгінгі қоғамымыздағы басты дерттердің бірі. Оның басты себебі: дәстүрлі діні, мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрлері жайлы жеткілікті білімдерінің болмауы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика