Еркін күрестен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО чемпионы Аманжол Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған 2004-2006 ж.т. жастар арасында өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті. 2024 жылдың 1-3 мамыр күндері Талдықорған қаласында өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген балуандар бозкілем үстінде өзара мықтыны анықтады. Аталған байрақты бәсекеде қаламыздың намысын қорғап 97 келі салмақ дәрежесінде күрескен Әділет Рзаш және 61 келі салмақ дәрежесінде Әди Серікұлы ақтық сынға дейін сүрінбей жетіп, республикалық турнирдің жеңімпаздары атанды.
Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы № 1 БЖСМ ұжымын, жаттықтырушы Нурдаулет Жусупалиевті және жеңімпаз спотшыларды жетістіктерімен құттықтап, алдағы өтетін байрақты бәсекелерде жеңістің жоғарғы шыңынан көріне беруіне тілектеспіз!