Кентау қалалық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Айжан Абдукадыр жасөспірімдерге маңызы зор ауқымды шара ұйымдастырды. Нақтырақ айтсақ №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Шараға Кентау қаласы қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Ғ.Тажибаев, өзбек-этно мәдени бірлестігінің төрайымы С.Самиева, ювеналды полиция тобының инспекторы А.Бектібаев қатысты.
Жиналыс «Бала тәрбиесі-баршаға ортақ!» тақырыбы аясында өтті. Спикер сала мамандары оқушыларға жақсыға еліктеп, жаманға жоламауға шақырды. Теріс әрекеттер, әлімжеттік, басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды. Білім алып, тек биіктен көрініп, ата-ана мен мектептің озат, үлгілі оқушылары деген аттан таймауға кеңес берді. Сондай-ақ полицейлер кез келген құқық бұзушылық немесе қылмыстың, жаман нәрселерге әуес болудың соңы, жақсылыққа апармайтынына тоқтала кетті.
Оған қоса елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі екені айтылып, ешкімге, қандай жағдай болмасын жәбір көрсетуге болмайтыны ұғындырылды. Кездесудегі қыз балаларға салт-дәстүрді ұстанып, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.