Кентау қаласының тұрғыны Алтынай Картабаеа «массаж кабинетін ашу» жобасын ұсыну арқылы грант иегері атанған. Бүгінгі таңда қала тұрғындарына қызмет көрсетуде. Мемлекеттен берілген грант қаражатына массаж столын, жиналмалы орындығын, тізе орындығын, фитобочка, денеге массаж жасайтын аппаратын сатып алған.
Осы күнге дейін бар құралымен жұмыс жасап жүрген ана, қазір қажет құралдарды алғасын жұмыс көлемі де ұлғайған.
Еңбекқор ана нүктелі массаж жасауды Қытай Республикасы, Үрімжі қаласына барғанда қызығушылығы артқан. Ол жаққа бару себебі ұлы 1-ші топтағы ерекше бала. Ұлына қараушы ана болғандықтан, массаждың баласына өмір бойы керектігін, үнемі қасында өзі болғандықтан массажды үйренгеннің ешқандай зияны болмайтынын түсінген. Өмір сынағына сынбаған ана керсінше бала үшін мықты болуды үйреніп осы саланы жетік меңгеруді қолға алады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларына барып, арнайы массаж курстарынан өтіп, біліктілігін шыңдап, массаждың барлық түрін үйренеді.
Осылайша массаж жасап жүріп, массаж орталығын ашып, халыққа қызмет көрсетіп, ем алушылардың ысьық-ықыласына бөленуде. Алған білімі мен тәжірибесінен ем іздеп келушілердің қатары күннен күнге көбейіп, тіпті ауруынан айыққандар ризашылық білдіруде. Бүгінгі күнде бірнеше шәкірт тәрбиелеп үлгерген.
Бал массажы, от массажы, емдеу, гигиеналық, классикалық, косметикалық, және спорттық массаждардың түр-түрін жасайтын батыр ана, өз жұмысын бар жан-тәнімен жасайтын, ең бастысы таңдаған кәсібіне құрметпен қарайтын кәсіпкер.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі