Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай ересектер арасында Кентау қаласында өткен Президенттік көпсайыстан Түлкібас ауданының құрама командасы облыс чемпионы атанса, Кентау командасы екінші орын, Мақтарал ауданы үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Күннің ыстығына қарамастан спортшылар 3 шақырым қашықтыққа жүгіру, жүзу, 100 метр жылдамдыққа жүгіру және қашықтыққа секіру сынды спорт түрлерінен 5 жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде түлкібастықтар ұпай есебімен өңіріміздің барлық аудан, қалаларының құрамаларынан айқын басымдықпен озып, жеңімпаз болды. Екінші орынға кентаулықтар ие болса, үшінші орынға Мақтаарал командасы ие болды.
Жарыс нәтижесімен жүлделі орындардан көрінген командалар Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.
Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік қылу керек. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан.
Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге мұра болған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында оқушыларға «Тыныс алу гимнастикасы» көрсетілді. Осындай жаттығулар оқушылардың спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, өмірде дұрыс таңдау жасауларына тигізер септігі мол.
Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.
Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды. Спорт адамды жаңа жетістіктерге жетелейді. Дене шынықтыру және спорт кез келген ересек және өсіп келе жатқан балаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамын. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – кез келкен күнімізді спортпен айналысудан бастайық!