• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН ЖӘНЕ ҚР ЗАҢНАМАСЫН БҰЗА ОТЫРЫП ПАЙДАЛАНЫЛЫП ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ ТҮГЕНДЕУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Июл 12, 2024
Spread the love

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді түгендеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтау мақсатында жиын өтті.
Жауапты басшылардың қатысуымен өткен жиында қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Баубектің осы бағытта атқарған жұмыстардың есебі тыңдалып, нәтижесінде қаладағы 18 гектарды құрайтын пайдаланылмай жатқан кәсіпкерлік мақсаттағы 111 жер учаскесі анықталған. Аталған жер учаскелерінің тізімі облыстық Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, департамент тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтіп, заң талаптарына сәйкес қажетті шаралар қабылданып жатқандығын баяндады.
Қала әкімі жиынның қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді ғарыштық мониторинг жүйесі арқылы анықтауды және жерді өзге мақсатта немесе мүлдем пайдаланбай жатқан субъектілер анықталған жағдайда мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика