• Пт. Апр 18th, 2025 11:58:35 AM
Популярные метки

КЕНТАУДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Май 27, 2024
Spread the love

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бүгін осыған орай Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті.
Мерейлі мерекеге орай ұйымдастырылған кеште қала әкімі Жандос Тасов мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады.
«Өздеріңіз білетіндей, мәдениет ұлт мәнері болса, өнер –халықтың қазынасы. Осы егіз ұғымды қатар алып, қаламыздың мәдениетін және руханиятын көтеріп, оның даму жолында еселі еңбек етіп жүрген сіздердің тынымсыз еңбегктеріңіз дегім келеді. Біз мәдениетімізді көтеру арқылы елдігімізді дамытамыз. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз» деген қала басшысы мереке иелеріне алғыс білдірді.
Аталған салада елеулі қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтар қала әкімінің алғыс хатмен және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Мараптталған азаматтар қатарында ауыл клубының өнер майталмандары мен кітапхана қызметкерлері де бар. Салтанатты шара қала өнерпаздарының ән кешімен ұласты.

Автор: admin

Leave a reply

  • Default Comments (0)
  • Facebook Comments

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика