Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов алтын құрсақты аналарды қабылдады. ҚР Президентінің жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады.
Қала басшысы өз сөзінде батыр аналарға еліміздегі демографиялық дамуына үлес қосқандарына айрықша алғыс білдіріп, қоғамдағы ана мен баланың рөлі өте маңызды екенін атап өтті.
Әр шаңырақтың ұйтқысы, берекесін еселеп жүрген аяулы аналардың қоғамдағы орны бөлек. Олар Тәуелсіз елдіңжарқын, айбынды ұрпағын тәрбиелеуде. Мейірімге толы шарада құрметке бөленген аналар ризашылықтарын білдірді.
Қалада жалпы 1625 көпбалалы ана бар. Батыр аналарымыздың 491-ы «Алтын», 1060-і «Күміс алқа» иегерлері. Сондай-ақ «Батыр ана» 26, «Ардақты ана» 1,2 дәрежелі 48 ана бар.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі