• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Авг 12, 2024
Spread the love

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және отбасы құндылығын насихаттау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу және одан шығу жолдарымен таныстыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төтеп беретін жастарды тәрбиелеу, жастар мен жасөспірімдер арасында отбасы құндылықтарын насихаттау. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қалыпты қарым-қатынасты қалыптастыру.
Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Отбасының маңызды сипаты – оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасы-адам баласының алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап осы ортаның түрлі жағдайына бейімделіп ер жетеді. Ал сәби сүйген әр ата-ана оның өмірінің бірінші күндерінен бастап оған негізгі тәрбиеші бола бастайды. Сондықтан отбасы-ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі болып табылады.
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі – отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.
Отбасының эмоциональдық қызметі Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.
Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі , отбасылық құндылықтар деп аталады.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар:
Адамдар отбасылық құндылықтар дегенді естігенде көз алдарына бірден құндылықтар түсіп , бір-бірімен ортақ тіл таба алады. Бірақ дәстүрлі отбасылық құндылықтардың әртүрлі болғанына байланысты адамдар осы тақырыпта ортақ тіл таба алмайды.
Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.
Қазіргі отбасылық құндылықтар:
Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.
Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтар
Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.
Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады.
Осыған орай отбасылық тәрбиенің басты бірнеше міндеттері анықталды:
— Бала денсаулығына қамқорлық;
— Оқуына көмектесу, жетекшілік ету;
— Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
— Шығармашылық икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту.
Еліміз тәуелсіздік алып, нарықтық қатынастарға көшкен уақыттан бастап отбасы тәрбиесіне де елеулі өзгерістер енді. Атап айтар болсақ, отбасындағы балалар тәрбиесіне әкелердің ықпалы азайды. Батыс елдерінің тәжірибесімен тіркелмеген некеде тұратын жас адамдардың саны көбеюде. Ал көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен жас отбасылар әлеуметтік тұрғыда неғұрлым қиын жағдайда қалып отыр. Бұл аталған себептер баланың отбасында адамгершілік құндылықтарын игерген тұлға ретінде дамуына кері әсер етері даусыз. Сондықтан отбасы жеке тұлғаның қалыптасу үрдісінде негізгі ықпал жасайтын әлеуметтік фактор дәрежесіне жетсін десек, ең алдымен оған қоғам мен мемлекет басты назар аударуы қажет. Ал өркениетті елдердің тарихына үңілетін болсақ, ауқатты мемлекеттің тірегі рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан, ынтымағы жарасқан, инабатты отбасы болып отыр. Осы ретте бүгінгі таңда отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланыста болуы шарт. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі-мектеп.
Мектеп-мемлекеттік мекеме, онда қоғамның әр құбылысына жасампаз шығармашылық тұрғысынан баға бере қарайтын жоғары білімді мамандар жұмыс істейді. Мектеп-қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда, ауылды жерде және т.б. мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, негізгі заңда жазылған (Конституцияда) білім беру саласындағы қағидаларды ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып, ынтымақтастықта іс жүзіне асыратын болады. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстары жүргізілуде.
Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне баланысты. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс. Отбасы дегеніміз – бұл шағын мемлекет. Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Ұлттық дәстүрлерден қол үзушілік тәрбиенің қайнар көзінен үзушілікке әкелетінін, ұрпақтар байланыстығы мен сабақтастығын бұзатынын, адамгершіліктің құлдырауын, еңбектің тәрбиелік мәнін құнсыздандыратынын тарихи тәжірибе қуаттап отыр. Демек, отбасы педагогикасымен байланысты мәселелердің маңызы ерекше. Сондықтан, қазіргі уақыттың маңызды проблемасы оқушылардың тәрбиесінде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын толық жүзеге асырудың қажеттілігі туындайды.
Мектеп табалдырығын аттаған баланың жан-жақты білім алып, құзіретті, рухани бай тұлға болып қалыптасуына ең бірінші ықпал ететін – ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек.
Оқушының бойындағы тәлім-тәрбие мен білімділік мектеп пен ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда үйлесімділік табады.
Кездесу барысында адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтары насихатталып, жасөспірімдердің құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, әлімжеттік, баланың құқығын қорғау жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қалыптастыру үшін профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика