• Сб. Апр 19th, 2025
Популярные метки

КЕЛЕСТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТТІ

Автор:admin

Авг 29, 2024
Spread the love

Мерекеге орай Келес ауданының тәртіп сақшылары іс- шара өткізді. Аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында ұйымдастырылған шараға жеке құрам мен ардагерлер кеңесінің мүшелері және төрағасы шақырылды.
Сондай-ақ салтанатты жиында бөлім бастығы полиция подполковнигі М.Абилханұлы құттықтау тілегін жеткізіп, қызметте жауапкершілік, кәсіби шеберлігімен ерекше көзге түскен бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Одан бөлек полицияда қызмет атқарып, зейнетке шыққан ардагер Бахыт Айткуловтың иығына арнайы шапан кигізіп, мадақтау қағазын ұсынды.
Жиын соңында тәуелсіздік құндылықтары қозғалып, елдегі бірлік пен бейбітшілікті нығайту және елімізді мемлекеттік-құқықтық дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика