«Жеңіс күні» мерекесінде Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімдікпен бірлесіп, ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алу шарасын өткізді.
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқандарды үнсіздікпен еске алды.
Сондай-ақ аудан әкімі Ж. Ағыбаев барша жерлестерді мерекемен құттықтап, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген жеке құрам мен жеңіске жетуге барын салған ардагерлерге жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ ел бірлігіне үлес қосып жүрген бірқатар ауыл билерін марапаттады. Оған қоса ішкі істер органдарының құрметті ардагері Ораз Алиев «Әділ билер» қоғамдық бірлестігінің атынан арнайы алғыс хатпен және «Ел сенімі» медалімен марапатталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі