• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕГІ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ БІРЛЕСКЕН РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Июл 14, 2023
Spread the love

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың бекіткен Өкіміне сәйкес жазғы шомылу маусымында Келес ауданының су объектілерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейдтік шара өтті. Рейдтік шараға аудандық прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі мен еріктілерден құралған топ қатысты.
— Жалпы аудан аумағында 4 ауылдық округте шомылу үшін арнайы бассейндер орналасқан. Одан бөлек әр ауылдық округтеріндегі білім ошақтарының базасына каркасты бассейндер орнатылуда. Бүгінгі рейд барысында 2 кәмелет жасына толмаған баланың шомылуға тыйым салынған аумақта шомылып жүргені анықталып, олардың ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 9 азаматқа ескерту түріндегі хаттама толтырылып, қайталанған жағдайда айыппұл салынатындығы ескертілді, — дейді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы Мақсат Мырзамұратов.
Рейдтік шара барысында су объектілерінде әдістемелік құралдар мен билбордтарды, жаднамалардың, ескерпелердің, арнайы тыйым салу белгілерін орналастыру, халық арасында ҚР ІІМ №34 бұйрығымен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика