• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫ САРАПТАЛДЫ

Автор:admin

Июл 2, 2024
Spread the love

Аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті. Жиынға аудандық полиция бөлімі, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, Келес ауданының білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысында сәтсіз отбасылар жайлы кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыру және демалыс маусымында қауіпсіздікті алдын алу шаралары сондай-ақ білім беру ұйымдары жанындағы жол инфрақұрылым белгілері «Қауіпсіз жол» жобасы туралы мәселе қозғалып тиісті сала басшылары атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама оқыды. Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында комиссия төрағасы Даурен Сариев полиция қызметкерлеріне Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп суға шомылу айдындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді сонымен қатар «Қауіпсіз жол» жобасы аясында жаңа оқу жылына дейін барлық мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілер жолағын сызу жұмыстарын жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика