Келес аудандық полиция бөлімінің бастамасымен аудан әкімшілігінде «Кілемді жабын» жобасы бойынша жиын болып өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев жүргізіп отырды. Аталмыш шараға учаскелік полиция инспекторлары, ауыл билері және кәсіпкерлер қатысты.
«Кілемді жабын» жобасы — өңірлік жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесіне, бөгде бейнекамераларды біріктіру арқылы кәсіпкерлік нысандарда терроризмге қарсы қорғалуды, жаппай тәртіпсіздіктер мен қоғамдық құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуші жоба болып табылады. Егер де кәсіптік мекемелердегі бейнебақылау камераларын жедел басқару орталығымен біріктірген жағдайда, кәсіпкерлердің де қосымша қауіпсіздігі күшейтілетін болады, деп хабарлайды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.