• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: КЕЛЕСТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ (-2-)

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Аталмыш акцияға мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік сот орындаушылары қатысып, аудан тұрғындарына көтерген мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер берді. “Халық заңгері” акциясы аясында тұрғындар тарапынан кәсіпкерлік саласында субсидия алу мәселесі, сот актілерінің орындалуы, мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақылар және жер мәселесі бойынша сауалдар қойылды.
Бас­ты мақса­ты – халықтың құқық­тық сауатын жоғарылату, халыққа құқықтық көмек көр­сету, тегін заң кеңестерін беру. Мемле­кеттік бар­лық құқық қор­­ғаушы органда­­ры­­ның белгілі заңгерлері тұрғындар тарапынан туындаған құқықтық сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, халыққа заң кеңестерін береді. Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ак­ция­ға әр жыл сайын белсенді қатысады.
Халықтың мұңын тыңдап, тегін заң кеңесін берудің жөні бөлек. Акция аясында тұрғындар білікті мамандардан тегін заң көмегін алудың қолжетімді бол­ға­нына дән риза.
Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика