• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Июл 30, 2024
Spread the love

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Жиынға аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, ауданның білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Аталған жиында комиссия мүшелері жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, құқықтарын жүзеге асыру, сонымен қатар сәтсіз отбасылар және онда тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмағандармен атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Баяндама барысында балабақшадағы балалардың тамақтануы және мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша да сөз етілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия төрағасы мен мүшелері ұсыныс-пікірлер арқылы тиісті шараларды қабылдап нақты жоспарлар бекітті.
Жиын соңында комиссия төрағасы балалардың рухани мәдениетін, жоғары моральдық және азаматтық сапасын дамыту басты міндеттемелердің бірі екендігін тілге тиек етіп, жасөспірімдер мен оқушылардың қауіпсіздігі, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика