Түркістан облысы Келес ауданының прокуроры болып Ешенқұлов Нұрлан Сапаралыұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған аудан прокурорын Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Сыздықов Данияр Нұрділдаұлы аудан активімен таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, жаңа міндеттерді жүктеді.
Нұрлан Сапаралыұлы 1978 жылы Келес ауданында дүниеге келген. Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Әрі қарай Ақтөбе облысы прокуратура басқармасы Прокурорының Азаматтық, әкімшілік істер және Атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі орынбасары, Ақтөбе облысы прокуратура басқармасының азаматтық, әкімшілік істер және Атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі аға прокуроры, Ақтөбе облысының прокуратура басқармасының әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау жөніндегі аға прокуроры, Ақтөбе облысы прокурорының кәмелетке толмағандар жөніндегі аға көмекшісі, Әлеуметтік-экономикалық саланың заңдылығын қадағалау жөніндегі Ақтөбе облысының прокуроры, Ақтөбе облысы прокуратура басқармасының экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокуроры, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, Түркістан облысы прокурорының аға көмекшісі, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры лауазымын атқарды.