• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 14, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Тұңғышбаев Руслан қала тұрғындарын жеке мәселесі бойынша тыңдады.
Келушілердің басым бөлігі мүгедектікке байланысты талап-тілектерін айтса, сондай-ақ, зейнетақы мәселесі бойынша көмек сұраған азаматтар да болды.
Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Бұл ауруды, жарақаттануды, жасқа немесе мүгедектікке байланысты өзіне-өзі күтім жасау, өз бетінше қозғалу және негізгі өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету қабілетін толығымен немесе ішінара жоғалтқан адамдар болуы мүмкін.
Біз сізге үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға кімнің құқығы бар екенін және үйде қызмет көрсету жағдайында әлеуметтік қызметкерлер қандай қызметтерді ұсынатынын айтамыз.
Үйде арнайы әлеуметтік қызметтерді кім ала алады:
1) Бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жағдайларында:
— ақыл-ой кемістігі, жеңіл және орташа дәрежедегі, оның ішінде арнаулы түзеу білім беру ұйымдарының (мектеп-интернаттардың) арнаулы (қосалқы) сыныптарында (бөгде көмегінсіз қозғалмайтын, қозғалыс бұзылыстарының ауырлығына байланысты өзіне қызмет көрсетпейтін, жеке күтімді талап ететін) оқуды қиындататын қозғалыс функцияларының өрескел бұзылыстары болған кезде айқындалған есту, көру, сөйлеу бұзылыстары, ұстамалар, мінез-құлық бұзылыстары;
— ауыр және терең дәрежелі ақыл-ой кемістігі;
— әр түрлі этиологиядағы деменциялар.
2) Екінші және үшінші дәрежелі өз бетінше жүріп-тұруды және өзіне-өзі қызмет көрсетуді шектеуге әкеп соққан тірек-қимыл аппаратының айқын немесе айтарлықтай (өрескел) айқын көрінген бұзылулары бар мүгедектігі бар балаларға.
Департамент басшысы тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелерді мұқият тыңдап, заңнамалық кодексті түсіндіре отырып, заң аясында жауап берді. Кей мәселелердің шешілуін өз бақылауында ұстайтындығын сөз етіп, арнайы жазып алды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика