«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай бағаларына зерделеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Партияның аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған мониторингтік топ мүшелері сауда орындарындағы тұтынушыларымен пікірлесіп, алдағы уақытта аудан аумағындағы сауда орындарымен базарларындағы тауарлардың бағасына тұрақты зерделеу және талдау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратынын жеткізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бағаны бақылауға да жүйелі көзқарасты талап ететін өңірдегі әлеуметтік маңызы бар әрі өзекті мәселенің бірі.
Мониторингтік талдау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылық берумен, жер учаскелерін заңсыз берумен, алдын ала залалды инвестициялық жобаларды қаржыландырумен, көптеген бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары партияның күн тәртібінен алынбаған.
Зерделеу барасында арнайы құралған жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді.
Орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.
Сондай-ақ, кемшіліктер орын алған кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту беріліп, алдағы уақытта нысан ауласын қала аумағын абаттандыру қағидаларының негізгі талаптарына сай жүйелеп, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жүктелді.