Бүгін қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен, қала әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімінің орынбасарлары, аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілісте Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы С.Асылхан Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған шаралар туралы баяндады.
Жыл басынан бері қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, қалалық полиция бөлімі және қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп 26 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған.
Нәтижесінде, қала аумағындағы «Байылдыр қалдық қоймасы», Қаратау мөлтек ауданы және Су қоймасы маңдарынан жер қойнауын заңсыз тасымалдап жүрген ауыр жүк көліктері анықталды.
Анықталған фактілер бойынша заң талаптарына сәйкес шара көру үшін қалалық полиция бөліміне жолданы, ҚПБ тарапынан 13 ауыр жүк көліктеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы шара көру мақсатында, Түркістан облысының экология департаментіне жолданған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Кентау қаласы бойынша тағамнан улану жағдайлары, мектепке дейінгі ұйымдардың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың талаптарының сақталуы бойынша атқарылған жұмыстарын жайлы қалалық санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Рабат баяндап өтті.
Күн тәртібіндегі соңғы баяндамашы 109 байланыс орталығының басшысы Ж.Қожахметтің қаладағы секторлар бойынша атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалды.
Әр сала басшысының баяндамасын тыңдаған қала басшысы бірқатар мәселелерді көтерді. Заңсыз жер қойнауымен айналысып жүргендерді анықтап, оларға тосқауыл қою бойынша қатаң тапсырма берді.
Сонымен қатар қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі мен қалалық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына қаладағы тамақтану орындарының иелерімен кездесу ұйымдастырып, арнайы мамандармен семинар өткізуді тапсырды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі