Қазіргі кезде тіркелген емхананың жұмысы қанағаттандырмаса, емхананы еркін таңдау арқылы басқасына ауысуға үлкен мүмкіндік болып табылады. Аталмыш акция жыл сайын өткізіледі. Тіркеу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі консультациялық-диагностикалық қызмет, ауруханаға жатып емделу. Кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне және көптеген басқа да медициналық жолдамаларды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек алуға құқық береді.
Егер азаматтар емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаса, олар өздеріне бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.
Емханаға үш тәсіл арқылы тіркелуге болады:
1. Тікелей таңдалған медициналық ұйымға жүгіну арқылы.
2. Электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде.
Қызметті онлайн алу
— egov.kz порталдан авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
— Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
— Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
3. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беру арқылы.
Азамат электрондық үкімет порталы арқылы бекітуге өтінім берген кезде бекіту немесе бекітуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған жағдайда бекіту жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады. Азамат МСАК ұйымының біреуіне ғана бекітіледі.
МСАК ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:
1. Қызмет көрсетудің отбасылық қағидаты.
2. МСАК аумақтық қолжетімділігі.
3. Аумақтық қолжетімділік шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау.
4. Пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы.
5. Меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, тең құқықтылық және адал бәсекелестік қағидаттарымен жүзеге асырылады.
Егер пациент басқа елді мекенге кеткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) және ауырып қалса, онда ол шұғыл медициналық көмек алу үшін орналасқан жері бойынша жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіне алады немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра алады.