«AMANAT» партиясының белсенді мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік қорғалуынан хабардар болып, ұдайы оларға жасалған жағдайларды біліп, қадағалап тұрады.
Партияның қоғамдық қабылдауларына аталмыш жоба бойынша емделу, әлеуметтік көмек алу мәселелерімен келетіндер де аз емес. Партияластар жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуды назардан тыс қалдырған емес.
Бүгін де жомарт жандар, жеке кәсіпкерлер Оңалбек Даяс, Ережепов Нұралы, Ошақбаев Дінмұхаммед демеушілік жасап, бірқатар отбасыға азық-түлік себеттерін табыстады.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсартуға бағытталған кәсіпкерлердің оңды ісін филиалдың атқарушы хатшы орынбасары Бекайдар Мұсаұлы құптап, демеушілік білдірген азаматтарға партия атынан алғыс хаттар табыстады.
Мектеп басшысы арнайы білімді қажет ететін балаларға, əсіресе, еңбек сабағы көп оқытылатынын айтты. Өйткені, өмірге бейімдеу үшін… Олар тігін тігу, ағаш өңдеу, қыш құмыра жасау, сурет салуға мүмкіндік беретін үйірмелерге қатысады. Осы мектепті бітіріп, колледжге, университетке оқуға түсіп, қоғамға, өмірге бейімделген ерекше балалар да бар екен.
Еске салар болсақ, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек!» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмыс барысымен танысқан болатын.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Е.Айтбаев, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі ретінде партия филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің мүшелерімен бірге орталықтың тыныс-тіршілігіне зерделеу жүргізілген болатын.