• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Сен 21, 2024
Spread the love

Сауран аудандық прокуратурасында заң талаптарының орындылауы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кәсіпкерлермен кездесу болып өтті. Шараға аудан прокуроратурасының прокуроры Ғалымжан Есен, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, аудан кәсіпкерлері, тағы да басқа қонақтар қатысты.
Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екенін алға тартты. Біздің қоғамның әрбір толыққанды мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу — бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамдық сананың өзгеруіне түрткі боламыз. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетеді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап ететінін жеткізді, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика