• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ КӨП

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

Мегаполисте жалпы кәсіптік оқытуларға жолдама шілде айының басынан беріле бастады. Бұл туралы Ақпараттық — коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту  орталығы» КММ-нің  директоры  Әсет Шағдат Әсетұлы айтты. 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І-бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 азамат жолданды. Оларды 25 білім беру мекемесі 31 мамандық бойынша оқытқан болатын.

Биылғы кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен шыға отырып 3 ай мерзімді құрап отыр.

2022 жылы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыз 1632 азаматты оқыту жоспарлануда. Оның 832-сі жастар. Сонымен қатар, «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша 760 азаматты оқыту жоспарланса, оның 220-сы жастар санатындағылар екендігін жеткізді. Қызмет көрсету саласында 12 мамандық бойынша 795 адам, ауыл шаруашылығы саласында 3 мамандық бойынша 75 адам, өндіріс саласында 7 мамандық бойынша 1310 адам, құрылыс саласындағы 9 мамандық бойынша 320 адам арнайы білім алып, сертификатқа ие болған.

Сондай-ақ, skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасында ағымдағы жылдың 9 наурыздан бастап қолданыстағы функционал оңтайландырылды және жаңа сервистер іске қосылды. Қазақстандықтарға кәсіби өсу және дағдыларды арттыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін платформада курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы құрылды, оқыту процесін қадағалау және курс авторларымен жылдам өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі бар. Бұл сертификат enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Түйіндемені қарау кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көретін болады.

https://skills.enbek.kz/ онлайн платформасында Шымкент қаласы бойынша  1976 азаматты оқыту көзделсе,  олардың 998-ы жастар болмақ.

Биыл жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес, оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша 74 жұмыс берушіден 29 мамандық бойынша өтінім түсті.

2022 жылы оқуға жолданғандардың шәкіртақысы  адам басына 20 948 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, 6 126 теңгені құрайтын бір реттік материалдық көмек те қарастырылған.

Мегаполисте жастарды жұмыспен қамтуда да тиімді бағдарлама жүйелі түрде жүзеге асуда. «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша кез-келген жас жұмысқа жолдама алуға мүмкіндік бар. Бағдарламаның екінші бір тиімді тұсы, бағдарлама жалақысы жылдағыдан көтеріліп бүгінде 91 890 теңгені құрап отыр. Яғни 30 айлық есептік көрсеткіш. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысу мерзімі 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды. Аталмыш бағдарламаға жасы 29 аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар кез-келген соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен кәсіби мамандығы бар жас қатыса алады. Тағы бір ескере кететін жайт бұл бағдарлама аясындағы жұмыстар уақытша болып есептеледі.

«Өздеріңізге белгілі, «Жастар практикасы» елімізде біраз жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды бағдарлама. Еліміз бойынша, оның ішінде Шымкентте аталған бағдарламаға қатысып, мамандығы бойынша жұмысқа жолданып, тұрақты жұмысқа орналасып жатқан жастар өте көп. Мысалы, 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған болса, олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан» — деді спикер.

Спикердің сөзінше, ағымдағы жылы аталған бағдарламамен 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан 1000-нан астам жас жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, тиісті жұмыс орындарына жолдама алған. Қазіргі таңда олар өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс істеу

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика