• Пт. Июн 27th, 2025
Популярные метки

ЖҮРЕКТЕРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ДӘРІГЕР

Автор:admin

Июн 27, 2025
Spread the love

Жамалова Айгүл Сейділәқызы – Шымкент қаласы №7 қалалық емханасында кардиолог, эксперт-дәрігер қызметін атқарып келеді. Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілі – 26 жыл.

Кәсіби қызмет жолында жоғары жауапкершілік пен адалдықты серік еткен Айгүл Сейділәқызы өзінің біліктілігімен, жан-жақтылығымен, пациенттерге деген ілтипаты және емдеу ісіне берілгендігімен ұжым арасында зор құрметке ие. Дәрігерлік міндетін атқаруда әрбір пациентке жеке көзқараспен қарап, медициналық көмек көрсетумен қатар, адамгершілік тұрғыда қолдау көрсетуді басты мақсат етіп келеді.

Науқастармен жұмыс барысында сабырлылық, кәсібилік және жылы қарым-қатынас ұстанымдарын берік сақтайды. Дәрігер Жамалова өзінің кәсіби ұстанымында:
«Медицина — үлкен жауапкершілік пен үздіксіз білімді қажет ететін сала. Пациенттің денсаулығы – біздің басты құндылығымыз» – деп атап өтеді.

Көп жылғы адал еңбегі мен денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін бірнеше рет марапаттарға ие болған. Атап айтқанда:
— ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
— Құрмет және алғыс грамоталары.
Жамалова Айгүл Сейділәқызы – білікті кардиолог, өз ісінің шебері, адам өміріне үміт сыйлап жүрген абыройлы маман.

#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика