ЖРВИ яғни «жіті респираторлы вирусты инфекция» ауруларына тұмау және жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын бірнеше аурулар түрлері жатады. Оларға тұмаудан басқа парагрипп, аденовирсты, риновирусты т.б. көптеген вирусты жұқпалар жатады.
Бұл аурулардың қоздырғыштары әртүрлі вирустар (А,В,С) және олар әлемде кең таралған. Әрбір ересек адам кем дегенде жылына 2 рет, оқушылар 3 рет, мектеп жасына дейінгі балалар, 6 ретке дейін тұмау немесе ЖРВИ мен аурады екен. Біздің жерлерде тұмаудың бас көтеруі суық түскен кезде қыс айларында басталып, кейде көктемге дейін созылуы мүмкін.
Тұмау, жіті вирусті инфекциялар тыныс жолдарының зақымдануымен және ағзаның улануымен көрінетін ауру.Тұмау вирусі ауа арқылы науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде қоршаған ортаға таратылып сау адамдарға жұғады,әсіресе жұғу мүмкіндігі бастапқы күндері өте жоғары.Жас балалар мен жүкті әйелдер және қарт адамдар немесе созылмалы ауруы бар адамдар үшін тұмау өте қауыпті. Өйткені бұл адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді және асқынуларға әкеліп соқтырады. Ауырғандардың 10-15% асқынуға шалдығады ең жиі кездесетін асқынулар: өкпенің қабынуы, отит,гайморит, менингит.
Тұмау мен ЖРВИ клиникасы кенеттен басталады дене қызуының көтерілуімен 38-39С-ға дейін, әлсіздену, бас ауырып адам дел-сал күйде болады, сонымен қатар құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қарлығуы кеуденің ашып ауруы. Егер ауырған адам дер кезінде емделсе тұмаудан 5-7 күн ішінде айығып кетуге болады. Тұмаудың жеңіл және орташа ауыр түрлерін участкелік дәрігер немесе отбасылық дәрігердің бақылауымен үйде емделеді, ал ауыр және асқынған түрлері біздің жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді.
Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекцияның бір түрі, алайда ол осы топтағы қалған аурулардан бөлек қарастырылады. Тұмаудың басқа инфекциялардан ерекшелігі аса ауыр жүруімен, асқынулардың болуымен және соңының өлімге әкелу мүмкіндігімен көрінеді.
Ол әсіресе тұмауды зұлым ретінде білетін адамдар арасында, үлкен қалаларда тез тарайды. Осы ауру эпидемиясына адамдар жыл сайын ұшырайды. Тұмау өзінің асқынуымен-ақ өте қауіпті. Міне, сондықтан да тұмаумен ауырған кезде кішкентай балалар, қарт адамдар, сонымен қатар созылмалы ауыр жүрек және өкпе ауруларымен сырқаттанатын науқастар үлкен қатерде болады. Осындай науқастарда созылмалы ауруларының қабынуы байқалады: бронх демікпесі және созылмалы бронхит, жүрек-қан тамыр аурулары, бүйрек аурулары, зат алмасудың бұзылуы және т.б.
Алаңдаудың тағы бір себебі – бұл жүктілік: тұмау балаға қатты зиянын тигізуге қабілетті, әсіресе дамудың ерте кезеңінде. Ең қабылданбайтын нәрсе – бұл түсік тастау немесе уақытынан бұрын босану қатері. Бұдан басқа, тұмаумен әлсіреген ананың ағзасына антибиотиктермен емдеуге болмайтын бактериялық инфекциялар түседі.
Тұмау және ЖРВИ дегеніміз не?
Жыл мезгілінің ең суық уақыты ауқымды жайсыздықтар үшін жұлдызды сағат екені ешкімге құпия емес. Зиянды вирус тасымалдаушылардың шексіз санымен бірге созылмалы салқын тию суық тиюден болатын аурулардың дамуы үшін мінсіз негіз болып табылады.
Науқастың бірнеше күн дене қызуы көтеріліп, тамағы қабынады, жөтел пайда болып, басы ауырады. Сауыққан кезде осы симптомдардың барлығы жоғалады және өзінен кейін ешқандай да із қалдырмайды.
Тұмау және ЖРВИ аурулары әлемдегі оқиғалар саны және жиілігі бойынша бірінші орынға ие және барлық инфекциялық аурулардың 95% құрайды.
Тұмау несімен қауіпті?
Тұмау – адамдар жыл сайын ауыратын, аса қауіпті ештеңесі жоқ қарапайым ауру деген сияқты пікір халық арасында кең тараған. Өкініштісі сол, тұмау – бұл кейде адам өліміне дейін әкелетін қатерлі ауру.
Профилактикасы
ЖРВИ профилактикасы жалпы сауықтырудан, таза ауада шынығу, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу, шаңғы, коньки тебу, жүзу, толыққанды, дәрумендерге бай тағамдарды қолдану арқылы ағзаны нығайту және иммунитетті көтеруден тұрады, ал қыстың соңы мен көктемнің басында – табиғи текті дәруменді препараттарды орынды қолданған абзал. Инфекция ушығып тұрған кезде көпшілік қатысатын шараларға баруға шектеу қою керек, әсіресе жабық бөлмелерде, науқаспен тығыз қарым-қатынас жасамау және қолды жиі жуу керек. Дәл осы ережені науқастар да сақтауы тиіс: уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын алып, көпшілік орындарға бармай, дені сау адамдармен байланысқа түсуден аулақ болуы керек, дәке таңғыш тағып, қоғамдық көлікті аз пайдалануға тырысуы қажет.
Жалпы ұсынымдар:
Ересектерге арналған ұсынымдар:
Тұмау профилактикасы үшін ең кең тараған әрі қолжетімді құралдардың бірі – мақта-дәкелі таңғыш (маска). Алайда, бұл ауру кезінде айналағыңдағылардан өзіңді қорғаудың тиімді әдісі емес.
Мынаны есте ұстаған жөн, инфекция лас қол арқылы тез беріледі. Арнайы жасалған бақылаулар қолымыздың күніне 300 рет мұрынмен, көзбен, сілекеймен қатынаста болатынын көрсетті. Қол алысу, есік тұтқалары, басқа да заттар арқылы вирустар сау адамның қолына өтеді, әрі қарай мұрын, көз, ауызға қарай жол тартты деген сөз. Демек, індет кезінде қол алысудан бас тарту керек. Қолды жиі жуу керек, әсіресе ауырған кезде немесе науқасқа күтім жасаған уақытта.
Қосымша аскорбин қышқылын және полидәрумендерді қабылдау қажет. Аскорбин қышқылы (С дәрумені) тотықтыру-қалпына келтіру үдерісін, көмірсу алмасуын, қан ұюын, тіндердің регенерациясын реттеуде маңызды рөл атқарады. Ағзаның ауруларға қарсы тұруын жоғарылатуға ықпал етеді, бұл аскорбин қышқылының антиоксидантты қасиеттеріне байланысты. С дәруменін күніне 1-2 рет 0,5-1г. ішке қабылдайды. Мынаны айтып өткен орынды, С дәрумені ашытқан қырыққабат шырынында, сонымен қатар, цитрус жемістерде – лимон, киви, мандарин, апельсин, грейпфруттарда көп. Сұйық маймен араластырылған балғын капуста салаты да пайдалы, оның құрамында дәрумендер мен микроэлементтер қоры көп.
Сарымсақ. Тұмау және салқын тию аурулары індеті кезінде профилактика үшін оның күнделікті 2-3 тісін жеп тұрған пайдалы. Бактериядан ауыз қуысын толық тазалау үшін бірнеше минут сарымсақ тісін шайнап тұру жеткілікті. Сонымен қатар, пиязды пайдалану да оң әсерін береді.
Вакцинация
Тұмаудың алдын алудың жалғыз ғана арнайы әдісі – екпе (вакцинация) екені бүгінгі күні дәлелденген. Ағзаға екпені егу ауру шақырмайды, алайда қорғаныс антиденелердің пайда болуы инфекциямен күресу үшін иммундық жүйені ынталандырады. Сондықтан адамдар бірінші кезекте тұмаудың алдын алу шараларын қолдануы керек және жұқтырған жағдайда міндетті түрде дәрігердің қатаң бақылауында болуы тиіс.