Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алмас Сұлтанұлы 9-мамыр «Жеңіс» күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің шаңырағында болды.
Ол қазыналы қарттарға ауыр күндердегі адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын айтып,мерекелерімен құттықтап өзінің ізгі тілегін білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі