• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЛАРДЫҢ МОЙНЫНДА 9 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЫЗЫ БАР

Автор:admin

Июл 26, 2023
Spread the love

Жетісайда жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Нәтижесінде айыппұлды уақытында төлеуден жалтарған екі азаматтың автокөліктері арнайы тұрақтарға қойылды.
Рейд барысында әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан айыппұл төлеуден жалтарған азаматтарға тиісті шаралар қолданылды.
Айта кетейік, ағымдағы жыл басынан бері Жетісай ауданында 3709 автокөлік жүргізушісіне жол-қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынған. Аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі Нұржан Қамбаровтың айтуынша, биыл «Борышкер» жедел алдын алу шарасының аясында 3709 көлік жүргізушісінен 38 миллионнан астам айыппұл өндіріліп алынған.
«Өкінішке қарай, қазіргі күні 625 Жетісайлық құқықбұзушының мойынында 9 миллион теңгеден астам қарызы бар. Сондықтан әкімшілік құқықбұзушылық жасаған азаматтардан айыппұл өндіру шаралары күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып тұр. Аталған бағытта мүдделі органдармен бірлесіп бірқатар шаруа атқарылуда. Жалпы, айыппұл төлеуден бас тартқан адамдар тиісті жауапкершілікке тартылады», — дейді полиция подполковнигі Нұржан Қамбаров.
Аталмыш шара аясында жеке сот орындаушыларының өңірілік палатасы мен полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершіліктен қашып жүрген азаматтарға айыппұлды уақытында төлеген жағдайда 50 пайыздық жеңілдік берілетінін түсіндірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика