Аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін беріп, елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың сақталуын, қайғысыз күннің түгемеуін тіледі.
«Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол – баршамызға ортақ міндет» дейді қазыналы қарттар.
Бар жастық жігері мен күш-қайратын елінің ертеңіне арнап, аянбай еңбек еткен қарттарымыздың облыстық көшпелі семинарының жоғары деңгейде өтуіне аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ұжымы сүбелі үлестерін қосып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Семинар соңында қонақтар Жетісай қаласындағы орталық саябақ пен «Б.Саттарханов» атындағы заманауи спорт кешенінің жұмысымен, саябақ аумағында бой көтеріп жатқан өзге де құрылымдардың барысымен танысып, «Белгісіз жауынгер» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі