Полиция бөлімінде ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты — ұлттар арасындағы татулықты, бірлікті нығайту, оның мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, көпшілікке үлгі болып жүрген этнос өкілдерін көпшілікке паш ету арқылы полицияның оң имиджін арттыру.
Іс-шараға ауданның ІІО ардагерлері Айтбай Махамбетов, Еркін Бабаханов, Жанаділ Құмарбеков, өзге этнос өкілдерінің төрағалары арнайы шақыртылды. Бір шаңырақ астындағы халықтар достығы мен өзара түсіністігін одан әрі жалғастыру мақсатында қонақтарға «Алғыс хат» табысталды.
Сондай-ақ іс-шара кезінде ұлттар арасындағы татулыққа арналған бейнеролик көрсетіліп, полиция полковнигі Сәкен Джайлыбаев баяндама жасады. Мерекелік шараның жоғары деңгейде өткеніне келген қонақтар өз ризашылықтарын білдіріп, полиция қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.