• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жетісай ауданы аумағында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Учаске» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Автор:admin

Авг 18, 2023
Spread the love

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс пен құқықбұзушылық,мал ұрлығы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, «Қолайсыз отбасы» тізіміндегі отбасыларды қадағалау, заңсыз көші-қонның, көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу, бұрын сотты болғандармен қылмыс жасаудың алдын алуда профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұрғындарды мекен-жайы бойынша тексеру мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Атап айтар болсақ «Учаске» іс-шарасы кезінде учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсетілетін әкімшілік аймақтарындағы аула және пәтер, жалға берілетін пәтерлерді аралап, базарлар мен ойын-сауық мекемелерін, заңсыз келген шетелдіктерді, тіркелмеген қару сақтауды, сондай-ақ қолайсыз отбасылар мен профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеруде.
Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ полиция мен халықтың кері байланысын нығайтуға ықпал ететін шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
Арнайы іс-шара өткізу барысында полиция бөлімінің жеке құрамы қойылған міндеттерді орындау үшін жұмылдырылды.
Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде патруль ұйымдастырылып, базар, сауда орынында, вокзалда бопсалаумен, қалта ұрлығымен айналысатындарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар тоқтап тұрған құрылыс, тасталған объектілер, шатырлар, жертөлелер, кәріз шұңқырлары тексеріледі. Қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы фактілері анықталып, шұғыл шаралар көріледі.
Полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдыралытн іс-шара кезінде ұрланған және айдап әкетілетін автокөліктерді анықтау мақсатында гараждар, автокөлік тұрақтарына тексеру жүргізіледі. Көші-қон заңдылығына сәйкес еліміздегі болу ережесін бұзған, елден шығару туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзушы жұмыс берушілер анықталады.
Жол қозғалысына қатысты жолда жүру ережесін өрескел бұзушыларды жауапкершілікте тарту мәселесі қатаң қадағаланады.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шара кезінде жеке құрамның заңдылықты қатаң сақтауы, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасауы бақылауға алынып, күнделікті есеп жүргізіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика