• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жетісай ауданы ардагерлер ұйымы әжелер алқасы жанынан құрылған «Әжелер мектебі» қоғамдық ұйымымен бірлесе отырып отбасы мәселелері бойынша жиын өтті

Автор:admin

Май 25, 2023
Spread the love

Аталған жиынға «Әжелер мектебі» қоғамдық ұйымының мүшелері, аудандық АХАТ бөлімінің басшысы, Жетісай АПБ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторлары, БАҚҰ өкілдер және Жетісай аудандық соты әкімшісінің бас маманы Л.Жусипова қатысты.
Жиының негізгі мақсаты отбасындағы ене мен келін татулығы, сол арқылы шаңырақ пен әулет ынтымағына қол жеткізуге, адами құндылықтырды ұрпағымыздың бойына сіңіру, табанды тұлғаның өсіп жетілуіне және салт-дәстүрімізді ұрпақтан-ұрапққа жеткізу отырып отбасына сақтап қалу жұмыстары тұрақты жүргізу болып табылады.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады, яғни «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей отбасын құрғаннан кейін балаларға жақсы тәрбие беріп, жақсы мінезді болып қалыптастырып, адал еңбекқор етіп тәрбиелеуде ата-аналардың алар үлесі мол екені анық.
Қазіргі кездегі кейбір жастардың отбасын құрып, оны сақтау мәселесіне атүсті қарап, тіпті оны ойыншыққа айналдырып бара жатқаны көңіл қынжылтарлық жағдай болып отыр.
Жиын барысында кезегімен сөз алған Л.Жусипова соттағы отбасы қатынастарынан туындайдан даулар бойынша қаралған істердің мәліметіне тоқталып, азаматтардың арасындағы некелерді бұзу туралы талап қоюлар жылдан-жылға артып отырмаса кемімей отырғанын атап өтті.
Шынында да, сотта ерлі – зайыптылар арасындағы некені бұзу оңай емес, бірінші ерлі – зайыптылар арасындағы некені сақтап қалу үшін оларға татуласуға мерзім беріледі, осы мерзім ішінде кейбір ерлі-зайыптылар алдағы уақытта бірге тұру мүмкіндігін қарастырып, ұл-қыздарының келешегін ойлап, сотта татуласып жатады.
Дегенмен көптеген ерлі-зайыптылар татуласуға берілген мерзімде алдағы уақытта өздерінің бірге тұру мүмкіндіктерін таппай, некелерін бұзуға өзара келісімдерін беріп, екіге айырылысып жатады.
Ал, сотпен азаматтардың арасындағы некелерді сақтап қалу жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырғанымен некені сақтап қалуға сотқа дейін татуластыру жұмыстарын жүргізген тиімдірек болатыны анық.
Осы жайттар ескеріліп ауданымызда құрылған «Әжелер мектебі» құрылымымен бірлесе отырып, отбасылық құндылықтарды сақтай отырып тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және отбасыны сақтап қалуға бағытталған іс-шаралар үнемі өткізілетін болды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика