• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖЕТІСАЙ: АУДАННЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ЕСЕП БЕРДІ (-2-)

Автор:admin

Май 16, 2024
Spread the love

Сонымен қатар, жүргізілген түсіндірме жұмыстары мен жасалған ескертулерге қарамастан малдарын қараусыз қалдырған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабымен 168 әкімшілік құқық бұзушылық, 406-бабымен 17 хаттама толтырылып, тиісті мекемелерге ұсыныстар жолданған.
«Біз мүмкіндігінше тұрғындар арасында ашықтықты қамтамасыз етіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, көрсеткіштерді бұдан да төмендету мақсатында қала, кент, ауылдық округ билерімен, белсенділерімен тығыз байланыс орнатудамыз.
Мал иесі, падашы және жергілікті орган арасындағы 3 жақты меморандумдар жасау арқылы малдардың қараусыз қалуының алдын алып ғана қоймай, қылмыскерлердің жайылымда жүрген малдарды емін-еркін жымқыруының алдын алудамыз. Ендігі бізге керегі – әрбір қала, кент пен округтерден көшелерде қараусыз жүрген малдарды қамайтын қора мен жем-шөп, қарауыл мәселесі оңды шешілсе» деген ауданның бас полицейі жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлер бойынша да жұмыстар жүргізуге уәде етті.
Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика