Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Марат Кадыркуловтың қатысуымен Ж. Ералиев ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Б. Батырбеков, полиция капитаны
Л. Каныбеков, полиция аға лейтенанты Б. Турымбетов 2023 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары бойынша тұрғындарға есеп берді.
Аудандық полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары Марат Мадилханович кездесу барысында ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап беріп, талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Жиын барысында, алғашқы кезекте, жиылған қауым полицияның учаскелік инспекторларының есепті хабарламаларына ықыласпен құлақ түрді. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан әлеуметтік маңызы бар, көкейкесті сипаттағы біршама өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды оңтайлы шешудің тиімді жолдары қарастырылды. Сауалдар тізбегінен қала жұртшылығын ересек адамдар үшін демалыс орталықтарының ұйымдастырылуы, көшеде қайыр сұрап жүретін тіленшілерге тосқауыл қойылуы, иесіз иттер мен мысықтар санының көбейіп кетуі, түн мерзімінде спиртті ішімдіктердің сатылуы, нашақорлардың парықсыз әрекеттері секілді жайттар алаңдататыны аңғарылды. Тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға полиция бөлімінің басшылық құрамы мен тиісті құзырлы органдардың өкілдері жауап қайтарып, алдағы кезеңде қолға алынатын істер хақында мәлімдеме жасады.