• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау — оның басты міндеті

Автор:admin

Авг 16, 2024
Spread the love

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз ішкі істер саласына 24 жыл өмірін арнап, тұрғындар тыныштығының сақшысы болған білікті басшы, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Ол Кентау қалалық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы — Бағлан Янкин.
Полиция подполковнигінің айтуынша, оның бүгінгі таңда атқарып отырған лауазымы тікелей қоғам қауіпсіздігіне бағытталған. Яғни жергілікті тұрғындардың күнделікті тыныштығын қамтитын, жол қауіпсіздігін сақтауда қызмет ететін, ана мен бала, отбасы құндылығын арттыруда профилактикалық шара жүргізетін, сервистік полиция моделін қалыптастыратын құрылым қызметкерлерін басқарып, олардың жұмысына қадағалау жасайды.
«Біздің негізгі мақсат – Кентау қаласында қандай да бір қылмысқа, құқық бұзушылыққа жол бермеу, алдын алу. Өз отбасымызбен қатар, аумақтағы барлық жанұяның тыныштығын күзету»,-деп атап өтті Б.Янкин.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика