Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен 32 жастағы тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті ер адам бейтаныс әйелдің үй салу үшін жер іздеп жүргенін біліп, қосымша ақша тапқысы келген.
Содан ол жәбірленушіге арзан бағада жер сатамын деп сендірген. Ал жәбірленуші бірден келісіп, ер адамға алдын ала 3,3 миллион теңге берген. Қүдікті қаражатты алғаннан кейін, қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан.
Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталуда.
«Жалған қызметтер көрсету» — яғни алаяқтар жер телімін немесе кезектен тыс пәтер алып бере алатындарын, зейнетақы қорындағы ақша қаражаттарын шешіп бере алатындықтарын, автокөліктерді Қазақстан Республикасының есебіне аудару сұрақтарын шеше алатындықтары жөнінде жалған айтып, сендіріп жәбірленушілердің ақшаларын алғаннан кейін хабарсыз кетеді, бұл жерде жәбірленушілердің тарапынан да қылмыстық іс-әрекетке жол беріледі, себебі, олар өз бетімен заңсыз жер немесе пәтер алуға оқталады;
Алаяқтардың көрсетілген айлаларына жем болудың ең басты себептерінің бірі – адамдардың сенгіштігі, жарнамалардың шынайылығына көз жеткізбеулері және алаяқтардың айтқандарына дәлелдерді талап ете алмауы болып отыр.
Алаяқтардан сақтану және алаяқтық схемаларының түрлері мен тәсілдері туралы бірнеше хабарландыруларға қарамастан, облыс тұрғындары күн сайын алаяқтардың айла-амалдарына тап болуда.
Мысалы, ағымдағы жылдың 2 мамырында белгісіз тұлғалар, өздерін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері мен Ұлттық банкінің жұмысшылары ретінде таныстырып, 1970 ж.т. Н азаматшаның дербес деректерін алаяқтық жолмен иемденіп алып, атына 4 млн. теңге мөлшерде несие рәсімдеп, банктік шотынан ұрлаған…