• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жеке құраммен маңызды жиналыс өтті

Автор:admin

Май 28, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаменті аппаратының жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен, оларға саяси ақпарат беру және Отанға қызмет ету, патриоттық сезімдерін нығайту, жоғары кәсіби, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жиналыс өтті.
Отан қорғаушы! Бұл сөздің астарында Отанды сүю, елді қорғау деген үлкен мағына жатыр. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет те осы.
Полицейлер Қазақстанда және әлемде болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер туралы ақпаратпен таныстырылып, полиция полковнигі М.Асқаров баяндама жасады.
Сонымен қатар департамент психологтарымен дәріс өткізіліп, арнайы бейнеролик көрсетілді.
Одан әрі әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры Б.Момышұлының өмір деректері, батырлығы бейнеленген қысқаметражды фильм ұсынылды.
Бұл іс-шараның жалпы мақсаты-жеке құрамды жан-жақты, әлем жаңалықтарына қанық, елдегі кез келген оқиғаға бей-жай қарамайтын, антына адал болуға дәріптеу.
Айта кетсек, іс-шара жеке құрамға апта сайын жүйелі түрде өткізу жоспарланған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика