• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАҢАТАЛАПТЫҚТАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

Автор:admin

Май 18, 2023
Spread the love

Бүгін, арнайы бекітілген кестеге сәйкес Шымкент қаласы, Тұран ауданы, «Жаңаталап» тұрғын алабының тұрғындарымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім мәселелерін түсіндіруге бағытталған кездесу ұйымдастырылды.
Жалпыұлттық бірлік дегеніміз – бір мемлекетте өмір сүрген адамдардың тағдыр-талайы, арман-мақсаты да бір дегенді білдіреді. Тағдыр мен мақсаты бір адамдардың Отаны мен Елі бір болуы керек! Олар не ойласа да, бір Елдің, бір Мемлекеттің ғана мүддесін ойлауы тиіс. Сонда ғана Жалпыұлттық бірлік сөзінің мәні өздігінен айқындалады. Жалпыұлттық бірлікті сақтау үшін басқа этнос өкілдері қазақ халқының айналасына топтасуы керек. Қазақ басқа ұлт өкілдерін қалай құрметтеп, төріне шығарса, басқа халықтар да қазаққа сондай құрмет көрсетіп, оның тілін, дәстүрін, салтын, мәдениетін, жерін, мемлекетін, заңын сыйлауы қажет! Қазақ халқының айналасына топтасу деген – осы. Қазақ халқын құрметтеймін, тілін білемін, дәстүріне құрметпен қараймын дейтіндер көп шығар. Бірақ бұл аздық етеді. Бір-екі адамның құрметі жалпыұлттық бірліктің көрсеткіші бола алмайды. Бүкіл қоғам бір ниетке шоғырлануы керек. Жалпыұлттық бірлік деген сөз жалғыз қазақтың бірлігі емес. Бұл Қазақстанды мекендеген барша этнос өкілдерінің бірлігі. Мысалы, Қазақстанның мүддесі немесе қазақ ұлтының мүддесі деген сөзді естісек, жалғыз қазақ халқының мақсат-мүддесі деп түсінбеуіміз керек. Ол – бүкіл Қазақстан деген алып мемлекеттің мүддесі.
Кездесуге Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ, Тұран ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру жан-жақты мәселелері сөз болды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика