• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЖАҢАДАН БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Июн 9, 2023
Spread the love
Кәсіподақтардың рөлі мен қызметі — еңбек қатынастарын реттеу кезінде айрықша көрініс табады.
Кәсіподақ — жұмыскерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек құқын қорғайтын, олардың қауіпсіз және қолайлы жағдайда жұмыс жасауына, демалуына, шипажайларда емделуіне, отбасы мүшелеріне көмек алуға ықпал ететін бірден бір қоғамдық ұйым.
ҚР Еңбек Кодексінің 156, 157, 158-баптарына сәйкес Ұжымдық шарт қабылдау міндетті, бірінші жұмысберуші тараптан — басшы, екінші жұмыскерлер тарапынан уаәкілеттік берілген олардың өкілдері, яғни кәсіподақ ұйымының төрағасы қол қояды, олар теңдей комиссия құрып талқылап, жалпы жиналыста қарап, оны қабылдайды.
Ұжымдық шартта жұмыс ұзақтығы, демалыс уақыты, жалақы төлеу, демалыс беру, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, оның ішінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу туралы, тағы басқа мәселелер енгізіледі. Жұмыс берушi тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бір ай ішінде мониторинг үшiн Шымкент қаласының еңбек инспекциясы басқармасына тіркеуге ұсынуға мiндеттi.
Тіркеуден өткен ұжымдық шартты тараптар орындауға міндетті болады.
Жалпы ұжымдық шарттарда жұмыскерлердің мүдделері мен құқықтары, жұмыс берушінің міндеттері айқындалады.
Осы мақсатта мамыр айында өткізілген кездесулер мен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, 2023 жылдың 07 маусымында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының «Еңбекші» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды.
Мекемеге жұмысқа қабылданған 118 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылып, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кірген.
Мекеменің жалпы жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Әлшері Бақдаулет Табысұлы және тексеру комиссиясының төрағасы болып, Әділбеков Нұрсұлтан Бауыржанұлы сайланған.
Ағымдағы жылдың 08 маусымында мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік — еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан №114 санды номерімен тіркеуден өткен.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың, коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі — мекеменің басшысы Нұрлыбек Сапарұлы Наухамбаевтың және қызметкерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әлшері Бақдаулет Табысұлының арасында өзара қарым — қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика