Жаңа құжаттың басты міндеті – халықтың осал топтарын қамқорлыққа алу және азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа кодекс – 5 бөлімнен, 22 тараудан және 263 баптан тұрады.
Жаңа құжатта бала туғаннан кәмелетке жасқа толғанға дейінгі әлеуметтік қолдауды, еңбекке қабілетті жастағыларды жұмыспен қамтуды, еңбек қауіпсіздігін, әлеуметтік сақтандыру іс-шараларын, жасы ұлғайған шақтағы қолдаулардың барлығы енді осы бір құжатпен арқылы реттеледі. Әлеуметтік кодекстің негізгі бес жаңалығы бар. Атап айтқанда, біріншісі – отбасының цифрлық картасы, екіншісі – мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың жаңа парадигмасы, үшіншісі – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін толық трансформациялау, төртіншісі – зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру болса, бесіншісі – жұмыспен қамту саласын жаңарту. Сонымен қатар қабылдаған әлеуметтік кодекске сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қор есебінен 18 жасқа дейінгі балаларға тұрақты жәрдемақы беріле бастайды. Бұдан бөлек, бала күтімі бойынша берілетін мемлекеттік көмек бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды.
Жаңа әлеуметтік кодекстің заңдылығына сәйкес, мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің мөлшері орташа есеппен 14,5 пайызға арттыру көзделді. Осыған сәйкес, бірқатар арнаулы мемлекеттік көмектің кейбір түрлері ұлғаятын болады.
Азаматтарға берілетін әлеуметтік топтама енді қаржылай төленетін болады. Тиісінше, азық-түлік пен тұрмыстық заттар жиынтығының орнына әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Бұдан бөлек, жаңа әлеуметтік кодексте мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыру қарастырылған.
1 шілдеден бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға өсті. Осылайша азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде қамту шаралары белсенді жүргізілуде. Бұл мақсатта мүгедектігі бар азаматтарға және олардың күтушілеріне төленетін төлемдер әлеуметтік аударымдар арқылы аударылады.
Әлеуметтік кодекс туғаннан бастап кәмелеттік жасқа жеткенге дейін әлеуметтік қолдау көрсету, жұмысқа орналастыру, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру, қиын өмірлік жағдай кезінде көмек көрсету, қарттарды қолдау және т.б. мәселелерді қамтиды.
Ана мен баланы әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында бірқатар қосымша шара қарастырылды. Мәселен, жыл басынан бері бала күтімі бойынша берілетін төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды.
1 шілдеден бастап «Алтын алқа», I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, «Батыр ана» атағы бар көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері де ұлғаяды. Бұл шарамен 90 мыңға жуық әйел қамтылмақ.
Сондай-ақ Кодексте мүгедектігі бар азаматтарға көп көңіл бөлінді. Атап айтқанда, мүгедектерге, олардың қамқоршыларына және асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға артады. Жәрдемақы мөлшерінің жыл басында 8,5%-ға ұлғайғанын ескере отырып, төлемдер сомасы жалпы 23%-ға өспек.
Жалпы жаңа Әлеуметтік кодекстің осы және басқа да көптеген нормасы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға бағытталған.