• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ЖАҢА СТАНДАРТҚА — ЖАҢА КӨЗҚАРАС» тақырыбында семинар өтті.

Автор:admin

Апр 12, 2024
Spread the love

Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп басшыларына арналған «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) жобасын түсіндіру жұмыстары» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды r-factor.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Дарыбаева орта білім берудің мазмұны, көзделген нәтижелер мен іске асыру тетіктері туралы ақпараттармен таныстырды.
Семинарға білім беру мекемелерінен жүз едуден астам басшылары қатысты.
Семинарда орта білім беру мазмұнын жетілдірудің стратегиясы, білім саласындағы жаңалықтарды ақпараттық сүйемелдеудің тетіктері, білім мазмұнын жаңартудың теориялық-әдіснамалық аспектілері, заманауи тәсілдері және жаңа МЖМББС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) жобасының мазмұны туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Фасилитациялық сессиялар барысында әдіскерлер М.Рокичтің терминалдық немесе түпкілікті және инструменталды құндылықтары негізінде білім алушылардың бойында болуы тиіс құзыреттерді анықтап, оқу мақсаттарынан көрініс табатын дағдыларға егжей-тегжейлі талқылау жасады.
Әдістемелік орталықтың әдіскерлері білім беру ұйымы директорының орынбасарларына түсіндірме сессиясын өткізді.Нәтижесінде, қатысушылар тарапынан ҮОЖ (үлгілік оқу жоспары) мен инструменталды құндылықтарды пәнге ендіру бойынша ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, тәжірибеге бағытталған оқытудың тиімді әдістерінің бірі – көшпелі тәжірибелік сабақ. КТС негізгі мақсаты – тыңдаушылардың курста алған білімдері мен дағдыларының белгілі бір көлемін бекіту және кеңейту.
Мектеп педагогтері сабақтарда смарт-құрылғылардың, жасанды интеллект құралдарының және цифрлық ресурстардың заманауи қосымшаларын тиімді пайдалана отырып, ашық сабақтар өткізуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика