• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛУДА

Автор:admin

Июл 20, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы аймақтық өңірлік даму мен экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес мүшелері көшпелі отырыс ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Имашев, кеңес төрағалары Л.Сулайманов, М.Абдукаримов және кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасындағы тармақтардың орындалу барысы талқыланып, «SHYMKENT TEMIR» ЖШС-нің жұмысымен танысты. «AMANAT» – Мемлекет басшысының басты қоғамдық тірегі. Осыған орай біздер барлық ресурстарымызды елді дамытуға, Президент бастамаларын жүзеге асыруға толық қолдау көрсетуге жұмсауымыз керек. Екіншіден, сайлау алдында халыққа берген уәдеміз бар. Оны да орындауға міндеттіміз. Осыған орай бағдарламаны іске асырудың Жол картасының әр тармағына жауапты депутат бекітілген. Бұл жұмысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері белсенді қатысады. Жол картасының іске асырылуын мониторингілеу және талдаумен ғана айналысатын жобалау топтары құрылған. Партия филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасының жобасындағы басып бағыттарды атап өтіп, әрбір шараның іске асыру уақыты мен жауапты орындаушысы және жетекшілік ететін фракция мүшелерін таныстырып өтті.

Аталған мекеменің құрылысы партияның Сайлауалды бағдарламасында бар. Нысан жылына 500 мың тонна болат өндіреді. Шығарылған өнім жақын шет мемлекеттерге және ел аумағында сатылуда. Қазіргі таңда аталған мекеменің жұмысын кеңейтудің 2 кезеңінде 150-ге жуық азамат тұрақты жұмыс орнымен қамтылып отыр. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда «SHYMKENT TEMIR» ЖШС-нің үлесі айтарлықтай екенін атап өткен жөн.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика