Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы қоғамдық Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделін енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері және Сайрам Ауданы Полиция Басқармасының ювеналды полиция тобы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес, аудан жастары мен жасөспірімдері арасында түнгі рейдтік жедел профилактикалық іс-шара өткізілді.
Профилактикалық шара барысында аудандағы мейрамханалар мен ойын-сауық орындары және компьютерлік клубтар тексерілді.
Рейдтік іс-шара нәтижесінде, мекенжайыларынан тыс жерде жүрген кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге түсіндерме жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.