Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 17-19 қыркүйек аралығында Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Қаратау АПБ ювеналды полиция инспекторларының ұйымдастыруымен қаладағы №72, №85 және №132 жалпы білім беру ұйымдарының 50 оқушысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы және мұражайымен танысты.
Шара барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жедел басқару орталығындағы бейнекамералардың қызметі таныстырылып, бейнекамералардың көмегі арқылы қала аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың, жол жүрісі ережелерін бұзу жайттарының алдын алу мен анықталу жағдайлары туралы түсіндірілді.
Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.
Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз.
Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды.
Осы ретте кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандағы білім саласымен біргелікте түрлі форматта іс шаралар кешені ұйымдастырылып келеді.
Осы тұста жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, алдын алу және оны болдырмау мақсатында нашақорлыққа, суицидке жол бермеу, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы, осы мақсатта құқық бұзушылықтың алдын алу және олармен күресу жолдары бойынша жиындар жиі өткізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігіне баса мән берген болатын.
Сонымен қатар, оқушылар департамент мұражайын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Қазіргі таңда мұражайда 4 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде даңқты генералдар мен батыр полицейлердің өмірбаяндары, ордендері мен қол сағаттары сақталған.