«Жастарға кеңес» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Qyrgy bazarда» қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жоба «AMANAT» партиясының «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Базар сатушылары мен келушілеріне «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары мен партия белсенділері жастар қауымына кеңес берді. Шара барысында партия жұмысы туралы өзге де ақпараттар айтылды. Бүгінгі таңда жетекші партияның атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлар туралы да сөз болды.
базарында арнайы сала мамандары халыққа психологиялық және заңнамалық тегін кеңес берді. Оның ішінде жастарды жұмыспен қамту және жастардың дамуына тікелей қатысы бар мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттар ұсынды.
«Жастарға кеңес» жобасы жастарға арналған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруде консультациялық іс-шараларды кешенді жүзеге асыруды мақсат етеді.
Жастарға кеңес жобасы алдағы уақытта да жалғасын табады. Тегін кеңес беру жұмыстары «Айна» базарында өтеді. Аптаның сейсенбі және жұма күндері аралығында базар сатушылары мен келушілері жергілікті атқарушы органдардың «Отбасы банк», «Тұрғын үй» құрылыс жинақ банкі АҚ, «Жастар ресурстық орталықтарының» мамандары, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары және тағы басқалардан кеңес ала алады.
“Жастардың дені әлеуметтік желіде отыратындықтан, Instagram, Facebook әлеуметтік желілері парақшаларында да жүйелі жұмыстар жүргіземіз. Түсіндіру жұмыстары электрондық хат алмасу, «Zoom» және «Skype» коммуникациялық платформалары, «WhatsApp» мессенджерінің бейне қоңырау режимі және Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфирлері арқылы да жүргізіледі.